Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Стенд атудан Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Мария Дмитриенко трап жаттығуында финалға шығып, Олимиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл Марияның екінші Олимпиадасы. Осыған дейін спортшы 2016 жылы Рио-де Жанейрода өткен ойындарда бақ сынап, сегізінші орын алды.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 47 жолдамасы бар.