Астанада «Чемпиондар аллеясы» ашылды (ФОТО)
Бүгін Риодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері елордалық Ғашықтар саябағында ағаш отырғызды. Спорт жұлдыздарының жаңа аллеясына төртжылдықтың басты додасында олжалаған әр медальдің құрметіне 19 тянь-шань шыршасы егілді.
Шараға Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Риодағы Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит, Гюзель Манюрова, қола жүлдегерлер Екатерина Ларионова, Дариға Шәкімова, Иван Дычко, Карина Горичева және Фархад Харки, сондай-ақ, паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаева қатысты.
Дереккөз: http://astana.gov.kz
Фото: http://vesti.kz