Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде

Суперкубок төрттік финал форматында өтеді.

Ойынға былтырғы маусымда «А Сериясының» жеңімпазы атанған «Наполи», Италия Кубогының жеңімпазы «Интер», өткен маусымның күміс жүлдегері «Лацио» және Кубоктың финалисі «Фиорентина» командалары қатысады.

Италия Суперкубогының барлық ойындары Эр-Рияд қаласындағы (Сауд Арабиясы) «KSU» стадионында өткізіледі.

Алғашқы жартылай финалдық ойын «Наполи» мен «Фиорентина» арасында 18 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 00:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.