Дакар-2015. «Astana Motorsports» командасы үздік ондықта!

Қазақстандық «Astana Motorsports» ұжымы «Дакар-2015» жарысының төртінші кезеңінде жақсы нәтиже көрсете білді. Айдын Рақымбаев басқаратын жол талғамайтын көлік жалпы есепте 9-шы орынға тұрақтады. Аргентинаның Чилесито мен Чилидің Копьяпо қаласы арасында өткен төртінші кезең көп жүргізушіге оңайға соқпады. Мәре мен арнайы аймақтың арасы 600 шақырымға созылды. Бұл кезең таулы жерде өткендіктен (кей жерлерде теңіз деңгейінен 4 мың метр жоғары) кейбір қатысушыларда «таулы ауру» болды. «Бұл кезең оңайға соқпады. Бұл жолы биіктікке әрең шыдадық. Мен өзімді жаман сезініп, жарысқа шықпаймын деп ойлағанмын. Біздің механик те кешегі басынан алған жараққатынан айықпады. Осы қиындықтарға қарамастан, біз жалпы турнир кестесінде 19-шы орыннан 16-шы орынға көтерілдік», - дейді Артур Ардавичус. Айдын Рақымбаев кезеңді 13-ші аяқтады. Осылайша ол әлемнің үздік ондығына кіріп, жалпы кестеде 9-шы орынға көтерілді. «Қысым мен биіктікке байланысты құлағымыз дұрыс естімеді. Құмды жерде бірнеше экипажды оздық», деді кезең соңында Айдын Рахимбаев. Бауыржан Исабаев пен штурман Владимир Демьяненко командасы кезеңде 23-ші, ал жалпы кестеде 19-шы орын иеленді. «Соңғы 40 шақырым құмды төбелер болды. Сол жерде бірнеше эипажды оздық. Біздің ұжым үшін құмда жүру қиынға соқпады», - деді Бауыржан Исабаев. Дакар-2015 раллиінің бесінші кезеңінде қатысушылар Копьяпо мен Антофагаста қалалары арасында 700 шақырым жүріп өтеді. Оның 458 шақырымы – арнайы аймақ. «Astana Motorsports» баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді