Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі тікелей эфирде
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін «QAZSPORT» және «Qazaqstan» арналары тікелей эфирден көрсетеді.
13 сәуір күні Лос Анжделесте өтетін кеште отандасымыз WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін таласады. Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Жәнібектің қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген, тәжірибелі мексикалық Кристиан Оливас болмақ.
Аталмыш бокс кешінің басты оқиғасында Василий Ломаченко мен Энтони Кролла WBА, WBО және The Ring журналының жеңіл салмақтағы чемпиондық атақтарын сарапқа салады.