ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы. Қазақстан бір қоламен 28-ші орында

Оңтүстік Корея елінің Пхенчхан қаласында алауы жағылған ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетуде. Төртжылдықтың басты додасында спортшыларымыз спорттың 9 түрінен бақ сынады. Жалпы 46 спортшы 57 жолдама бойынша өнер көрсеткен болатын. 


Биыл Қысқы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан 3 қазақстандық спортшы сынға түсті. Олар Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева және Айза Мамбек. Сондай-ақ, тау шаңғысы спортынан алғаш рет Қазақстан намысын екі спортшымыз қорғады. Олар Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева.Шана спорты мен трамплиннен секіруден де алғаш рет екі спортшымыз өнер көрсетті. Никита Копыренко шана спортынан сынға түссе, Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден бақ сынады. 


9-ақпанда салтанатты түрде алауы жағылған Ақ Олимпиадада Қазақстан фристайлдың могул түрі бойынша Юлия Галышева алған қола медальмен жалпы есепте 28-ші орынға тұрақтады.


Пхенчхан-2018 Олимпиадасы жаңа рекордтар мен қызықты сәттерге толы болды. Айта кетсек, дәл осы Олимпиада ойындарында бір ел спортшыларының жалпыкомандалық есептегі ұтқан медальдар саны бойынша Норвегия құрамасы 39 медальмен рекорд орнатты.


XXIII Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатын бүгін 16:55-те «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді