Әйгілі қақпашы Петр Чех футболдан хоккейге ауысты
Лондондық ұжымдар "Челси" және "Арсеналдың" экс-қақпашысы Петр Чех "Гилдфорд Феникс" хоккей клубының ойыншысы атанды. Чех ойыншысы бұл командада 39-шы нөмірде өнер көрсетіп, мұз айдында да жаңа клубының қақпасын күзетпек.
Естеріңізге сала кетейік, Чех футболмен осы жылы қош айтысты. Футбол тарихында "Хмел", "Спарта", "Ренн", "Челси" және "Арсенал" сынды клубтарда ойнады. Чехия құрамасының сапында 124 кездесу өткізді.