«QAZSPORT» телеарнасы 20 наурызда Мәскеуде өтетін кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.
Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы WBC и IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев (15-0-0, 15 KO) пен үміткер, неміс боксшысы Адам Дайнес (19-1-1, 10 KO) кездеседі.
15 жекпе-жектің барлығын нокаутпен ұтқан Бетербиев, шаршы алаңға ұзақ үзілістен кейін оралып отыр. Шешен боксшысы соңғы рет 2019 жылдың қазан айында жұдырықтасқан болатын.
Адам Дайнес – солақай. 2019 жылдың жазында қытай боксшысы Фаньлунг Мэнгке есе жіберіп, карьерасындағы жалғыз жеңіліске ұшыраған болатын.
Бокс кешінің андеркардында жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік Александр Беспутин сияқты тағы да басқа белгілі боксшылар өнер көрсетеді.
Ендеше, «QAZSPORT» телеарнасынан, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталатын тікелей трансляцияны жіберіп алмаңыздар!