ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ТІКЕЛЕЙ ШЫҚҚАН ҚҰРАМАЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

2022 жылғы Катарда өтетін Әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Топтық кезең қортындысы бойынша төрт жылда бір келетін футбол тойына тікелей шыққан он құрама анықталды. Тікелей жолдама алған командалар: Сербия, Испания, Швейцария, Франция, Бельгия, Дания, Нидерланды, Хорватия, Англия және Германия құрамалары. 

Еуропа құрлығынан әлем чемпионатына берілетін үш жолдаманы өз топтарында екінші орын алған командалар, және Ұлттар Лигасының үздік екі командасы сарапқа салады. Өз тбында екінші орын алған командалар: Португалия,Швеция, Италия, Украина, Уэльс, Шотландия, Түркия, Ресей, Польша және Солтүстік Македония. Бұл құрамаларға Ұлттар Лигасынан үздік екі команда Австрия және Чехия қосылады. Іріктеу кезеңі жартылай финал және финалдық екі ойыннан тұрады. Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 26 қараша күні өтеді. Саяси жағдайларға байланысты жеребе кезінде Ресей мен Украина құрамалары кездесе алмайды. Іріктеуге қатысатын 12 команда көрсеткен нәтижелеріне байланысты екі топқа бөлінеді. Жоғары нәтиже көрсеткен: Португалия, Шотландия, Италия, Ресей, Швеция және Уэльс құрамаларына қарсы Түркия, Польша, Солтүстік Македония, Украина және Ұлттар Лигасы арқылы Австрия мен Чехия құрамалары ойнайды.

Жартылай финалдық ойындар 24 наурызда, ал финал 29 наурызға жоспарланған.

Айта кетейік, Әлем чемпионатына Оңтүстік Америка құрлығынан Бразилия және Аргентина құрамалары жолдама алған болатын. Катарда өтетін доп дода 32 команданың қатысуымен 2022 жылдың 21 қараша - 18 желтоқсан аралығында өтуі тиіс. Дәл қазіргі сәтте Әлем чемпионатына 13 құрама жолдама алды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді