Қанат Ислам Брэндон Кукті нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой бокста қарсыласы канадалық былғары қолғап шебері Брэндон Кукты техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Тартысты жекпе-жектің бірінші раундынан бастап Қанат Ислам тізгінді өз қолына алып, қарсыласын соққы астына алумен болды. Ширақ қимылдап, жойқын соққыларын дөп тигізген жерлесіміз кездесудің үшінші раундында канадалық боксшыны нокдаунға жіберді. Сәт санап басымдығын арттыра түскен Қанат Ислам бесінші раундта та қарсыласын есеңгіретті. Сегізінші раундта канадалық боксшы үшінші рет нокдаунға түсті. Кездесудің аяқталуына үш раунд қалғанда Қанат Ислам Брэндон Кукты соққы астына алып, нокаутқа жіберді.

Бұл - Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 25 кездесуі. Отандасымыз кездесулердің барлығында да жеңіске жеткен. Оның 20 жекпе-жегін ол уақытынан бұрын аяқтаған.
Брэндон Кук те тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 19 жекпе-жек өткізген. Оның 11-де қарсыластарын нокаутпен ұтқан.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шаршы алаңға шығып, Қанат Исламды осы жеңісімен құттықтады. Бүгін Астанада «Сарыарқа» велотрегінде өткен Ислам мен Кук кездесуі бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Андеркартта қазақстандық боксшылардың барлығы жеңіске жетті.

Бокс кешін «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді